Главная > Орта білім беру мекемелері > «Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы хабарландыру
«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы хабарландыру19-04-2021, 16:37. Разместил: roo-shu |
«Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау туралы хабарландыру Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі (Төле би ауылы, Егемберді көшесі №2 үй, тел / факс: 8(72638) 3-01-51 «Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Орта білім беретін үздік ұйым» атты аудандық байқау өткізеді.«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары. І Жалпы ережелер 1.«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар ) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5- бабы 8-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібін айқындайды. 2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.: 1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты (бұдан әрі –Грант) –облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштер негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша; 2) рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелеріне сәйкес болуға тиіс осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер . 3. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.
мекен –жайы: Шу ауданы, Төле би ауылы Егемберді көшесі №2 аудан әкімдігінің білім бөлімі, байланыс телефондары 8(32638) 3-01-51 Вернуться назад |