Русский   Қазақша
Регистрация

Талапкерлерге ұсыныс

23-06-2016, 22:53

 

 Талапкерлерге ұсыныс

 

 

Көшіру KAZENERGY.pdf [4,73 Mb] (cкачиваний: 10)
 
      KAZENERGYҚазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы (бұдан әрі-Қауымдастық) Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенін тұрақты әрі қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылған ерікті коммерциялық заңды тұлғалар бірлестігі болып табылады.

     Қауымдастық талантты жастарды инновациялық жобаларды іске асыруға тарту мақстанда өзінің мүшелерін және серіктестерімен бірігіп білім гранттарын, атаулы шәкіртақыларды бөлу, оқушылар мен студенттер арасында олимпиадалар мен интеллектуалды байқаулар ұйымдастыру үшін «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы жобасын 2006 жылғы желтоқсаннан бастап іске асыруда.

     Қауымдастық 2015 жылы «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың бірін жүзеге асырды, оның нәтижесінде байқау іріктеуінен өткен ЖОО және колледж студенттеріне жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қаражаты есебінен оқу ақысын төлеу мүмкіндігі берілді (www.kazenergy.com - Білім беру бағдарламасы –Шәкіртақылар мен гранттар- жер қойнауын пайдаланушылар есебінен оқу ақысын төлеу).

Қазіргі уақытта қаумдастық 2016-2017 акдемиялық оқу жылына байқау бойынша іріктеуге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қосымша ақпаратты жоғарыдағы «Көшіру» сілтемесі арқылы біле аласыз.

Пожаловаться
Автор: roo-shu
Прочитали - 1 402
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать