Главная > СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС > Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің есепшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдына алу бойынша түсіндірме жұмысының ХАТТАМАСЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің есепшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдына алу бойынша түсіндірме жұмысының ХАТТАМАСЫ


19-04-2021, 16:30. Разместил: roo-shu
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің есепшілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдына алу бойынша түсіндірме жұмысының 
ХАТТАМАСЫ 

Төле би ауылы                                                                        22 қаңтар 2021 жыл
                                                                                                  сағат 10.00

    Қатысқандар: Білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының есепшілері - 20.КҮН ТӘРТІБІ

    «АШЫҚ БУХГАЛТЕРИЯ» пилоттық жобасын қолдану туралы
    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім басшысы М.Жинакбаева Бюджеттің ашықтығын қалыптастыру мақсатында «Ашық бухгалтерия» жүйесіне көшу үшін пилоттық жобасының жоспарымен таныстырып, 2021 жылдың қаңтар айынан жоба жұмысы басталғанын хабарлады. Қаржы шоты қорының қалдықтарын талдау арқылы шығындарды тиімді жоспарлауға, бюджет қаражатын тиімді бөлуге, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға, шоғырландырылған есептіліктен бастапқы құжатқа дейін ашық есеп жүргізуге, 1С бағдарламасымен жұмыс атқарып әр есепшіге жеке ЭЦҚ кілті алынып, ашық, адал жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігі айтылды. Әр есепші өзінің атқарып отырған жұмыстарын жеке электрондық кілтімен қол қою арқылы өзі жауапты екендігі ескертілді. Сонымен қатар, бөлім басшысының жұмыс ауықымының көптігінен және қаржының уақытылы игерілуіне кедергі келтірмеу мақсатында электронды цифрлық қолтаңба сенім хат арқылы бас есепшінің м.а. А.Әбілдаеваға, сектор меңгерушісі В.Шубаеваға, есепші С.Абдрахмановқа  тапсырылды.    Шу ауданы бойынша 23 мемлекеттік бақшалар 10.12.2020 жылы ауылдық округтен білім бөлімінің теңгеріміне ауысуына байланысты, жан басына шаққандағы қаржыландыру жұмысын қадағалау бас экономист Г.Ахаеваға, жұмысын жүргізу есепші С.Абдрахмановқа тапсырылды. Сондай –ақ заң аясында жұмыс жүргізу, есеп-қисап заңында болып жатқан өзгерістерден хабардар болу үшін бас есепші, бас экономист, сектор меңгерушілері, есепшілер кезең- кезеңімен біліктілікті арттыру курсынан өту қажеттігі ескертілді. 2019-2020 оқу жылында білім бөлімінің бас есепшісі, есепшілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешіміне сәйкес үкімі шығып, іске тартылған қызметкерлер жазаланғандығы сабақ болу қажеттігі және заң аясында жұмыс істеу есепшілерге қатаң ескертілді.      Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау нәтижесі бойынша     ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.    Жұмысшылар мен қызметшілер бойынша бухгалтерлік есеп бөлімінің есепшілері қаңтар айының соңына дейін жалақы есептеу бойынша төлем операцияларын жүргізу үшін электронды цифрлық қолтаңба алынсын.2.    Басшының сенім хат арқылы берілген электронды цифрлық қолтаңбасымен заң аясында жұмыс жүргізілсін.3.    Мемлекеттік бақшалардың, мектептен тыс мекемелерінің басшылары мемлекеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына бақылау жүргізілсін.4.    Ұсыныста көрсетілген заңсыздықтар алдағы уақытта қайталанбау мақсатында назарға алынсын.




Вернуться назад