Главная > СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС > Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдына алу бойынша түсіндіру жұмысының ХАТТАМАСЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдына алу бойынша түсіндіру жұмысының ХАТТАМАСЫ


12-02-2021, 10:07. Разместил: roo-shu

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдына алу бойынша түсіндіру жұмысының 

ХАТТАМАСЫ 


Төле би ауылы                                                                        12 ақпан 2021 жыл

                                                                                                   сағат 17.00


          Қатысқандар: Білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының қызметкерлері - 47.


КҮН ТӘРТІБІ


          ҚР Сыбайлас жемкорлыкка карсы іс-кимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жамбыл облысы бойынша департаментінің №203100131000182 қылмыстық ісі бойынша заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән жайларды жою жөніндегі ұсыным.


            Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім басшысы М.Жинакбаева бөлімнің орталықтандырылған бухгалтерия қызметкерлерін №203100131000182 қылмыстық ісі бойынша заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән жайларды жою жөніндегі ұсыныммен таныстырды. Ұсынымда Шу аудандық сотының 24.12.2020 жылғы №1-3/2020 үкімімен бөлімнің бас есепші К.Агибаева, есепшілер С.Кабираева, Ш.Туменбаева, Ш.Джунусова, К.Казангапова, Г.Каупанова, Т.Оспанова, С.Шопабаева, К.Кыдыралиева бюджеттің қаржысын талан-таражға салу дерегімен кінәлі болып танылып, әр түрлі жылдарға сотталғандығы айтылды. Сонымен қатар, қылмыстық іске бөлімге қарасты ұйымдардың мұғалімдері мен кіші қызметкерлерінің есеп шотына тұрақты қалыптасқан тәсілімен еңбекақы, еңбек демалысы мен сауықтыру жәрдемақысы және еңбекке қабілетсіздігі есебінен негізсіз қаражаттар аударылып, карточкадан банкомат арқылы ақша есепшілердің қолына қолма –қол беріліп отырған. Бөлімде орын алған бас есепші, есепшілерге қатысты қылмыстық іс барлық есепшіге сабақ болу қажеттігі, орын алған мән жайларды болдырмау мақсатында заң аясында адал қызмет атқару қажеттігі қатаң ескертілді.  

          Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын алу жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады. 

          Осы ретте ұсынымда көрсетілген ұсыныс бойынша жұмыстардың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау нәтижесі бойынша ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Білім бөлімінің бас маманы П.Косаховаға: сыбайлас жемкорлыққа қарсы мәдениетті  калыптастыру, сыбайлас жемкорлыкка карсы курес бағытындағы түсіндіру (әр қызметкермен жекелей) жұмыстарын жандандыру тапсырылсын.
  2. Барлық білім беру мекемелерінің басшыларына ұсыныста көрсетілген кемшіліктерге жол бермеу қажеттігі қатаң ескертілсін. 
  3. Ұсыныста көрсетілген заңсыздықтар алдағы уақытта қайталанбау мақсатында назарға алынсын







Вернуться назад