Главная > Мемлекеттік қызмет (Стандарт) > «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты22-01-2016, 00:15. Разместил: roo-shu |
||||||||||
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.12.2018 № 684 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: 2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен расталады. Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады; Мемлекеттік корпорацияға: Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады; порталда: Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттары, баланың туу туралы куәлігі туралы (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) мәліметтерді, қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және өзге де әлеуметтік төлемдерді алатынын растайтын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік корпорациясы бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорациясының сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорациясына жібереді. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама мәртебесі жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді. 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер: Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі. Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады. Мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай және телефондар бойынша Мемлекеттік корпорациясының басшысына жіберіледі. Мемлекеттік корпорациясына қолма - қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады. Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады. Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді. Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе Мемлекеттік корпорациясының мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе Мемлекеттік корпорациясының кеңесесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің: www.edu.gov.kzинтернет-ресурсында; 2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kzинтернет-ресурсында; 3) www.egov.kzпорталында орналасқан. 15. Көрсетілетін қызметтіалушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттікқызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. 16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 арқылы алады. 17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kzинтернет-ресурстарында орналастырылған.
Қамқоршыға немесе қорғаншыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім №____ "___" _____________20 ___ жыл ________________________________________________________________________________ (органның атауы) Істің № _______ Азамат (ша) _______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) Жүгінген күні ___________________________________________________________________ Баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазылуы) № __________ берген күні _____________________ баланың туу туралы куәлігін (туу туралы актінің жазылуы) берген органның атауы ________________________________________________________________________________ Баланың Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________________________________________ Баланың туған жылы ______________________________________________________________ Қорғаншылық немесе қамқоршық тағайындау туралы органның шешімі ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Тағайындаған күні 20 ___ жылғы "___" _______________ Белгіленген жәрдемақы сомасы 20__ ж. __________ дан 20__ ж. ________ ға дейін _________________________________________________________________ теңге сомасында (жазбаша) Баланың Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________________________________________ жәрдемақы ______________ ден __________ ға дейін _________ теңге сомасында ________________________________________________________________________________ (жазбаша) Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себебі: __________________________________________ Мөрдің орны Астана, Алматы және Шымкент, қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшысының Т.А.Ә. (бар болғанда) _______________________(қолы)
Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау үшін қамқоршының немесе қорғаншының өтініші Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауды сұраймын ________________________________________________________________________________ (баланың (балалардың) Т.А.Ә.(бар болғанда), туған жылы) Қорғаншының немесе қамқоршының Тегі ______________________________________________________________________ Аты _______________ Әкесінің аты (бар болғанда) _______________________________ Мекенжайы _______________________________________________________________ Қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы органның 20___ жылғы "___" ______________________________________ шешімі Қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ________________________________________________________________________________ Сериясы ____________ нөмірі ______________ кім берді __________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________ дербес шотының № _____________ Банктің атауы ______________________________________________________________ Жеке мәліметтер өзгерген жағдайда 15 жұмыс күн ішінде ол туралы міндетті түрде хабарлаймын. Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін. 20__ жылғы "___" _____________ ____________________ (өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа алып, "Азаматтар үшін Үкімет" Мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы филиалының № __ бөлімі ________________________________________________________________________________ (мекенжайды көрсету) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Жоқ құжаттардың атауы: 1) _______________________________________________________________________; 2) _______________________________________________________________________; 3) _______________________________________________________________________. Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (бар болғанда) (Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) _______________ (қолы) Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) _______________________________________________ Телефоны _______________________________________________________________________ Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ______________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының қолы) "___" _____________ 20__ жыл Вернуться назад |