Главная > > «Жас кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар-практикум
«Жас кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар-практикум7-03-2018, 05:04. Разместил: roo-shu |
Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің оқу – әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың № 55 бұйрығымен 31 қаңтар күні С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің базасында «Жас кезеңдері әр түрлі топтарда оқытудың психологиялық- педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті. Семинар жұмысына Шу ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты мектептерден педагог – психологтары, барлығы 41 психологқатысты. Семинардың мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып есте сақтау, зейін, тұрақтылықты және жадыны жақсарту арқылы танымдық қабілеттерін дамыту. Семинар барысында, педагог-психологтар кәсіптік қарым – қатынас жасауына және шығармашылық жаңалықтарымен, идеяларымен алмасып, әлеуметтік – психологиялық білімнің маңыздылығын арттырып тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, А.Секербекова «Жүректен жүрекке» атты тренинг ұйымдастырды, және де «Әр түрлі жастағы балалар тобының психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында, Жайсан орта мектебінің педагог – психологі Г.Диханбаева «Мен сені түсінуге тырысамын», «Көңіл күй мекені»тақырыбында, Баласағұн шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Ж.Узенбаева «Жас кезеңдердегі топтар психологиялық – педагогикалық ойындар» тақырыбында семинар – тренингтер көрсетілді. Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы туралы пікірлерін жазды.![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Вернуться назад |