"Үш тілде білім беру - заман талабы"
12-02-2019, 23:57
"Үш тілде білім беру - заман талабы"
22.01.2019 жыл Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының базасында химия-биология пәні мұғалімдеріне арналған "Үштілде білім беру-заман талабы" тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты:білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында химия-биология пәні сабағында үш тілде білім бере отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және оны оқыту үрдісінде қолдану әдістемесімен тәжірибе алмасу. Семинар жоғары деңгейде өткізілді. Семинар барысында Төле би мектебінің химия пәні мұғалімі С.И.Самсонов 8 сынып оқушыларымен "Trends in Periodic table", Еңбекші орта мектебінің химия пәні мұғалімі М.Қ.Жаңбырбай 8 сынып оқушыларымен "Structure of periodic table", Е.Бекмаханов мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Ж.Б.Айтбаева 8 сынып оқушыларымен "Blood transfusion and blood types. RHfaktor" тақырыптарын ашық сабақ өткізіп іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жібек жолы мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі А.Саурбай "Structure function and hygiene of theeth" тақырыбында, Б.Момышұлы мектебінің химия пәні мұғалімі Э.Байгалыкова "Solution", Е.Бекмаханов мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі С.К.Абиканова "Diseases of human circulatory" тақырыптарында панорамалық сабақтар көрсетті.
Похожие новости:

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмаларды жобалау»

«Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы семинар - практикум

Химия – биология пән бірлестік жетекшілеріне арналған аудандық оқыту семинары

«Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында аудандық информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Информатика пәні мұғалімдерінің семинар-практикумы